Артем Германовичтің көшбасшылық дәрісі: «Шығыстану және бизнес: білім мен мансапты ұштастыру»

25 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 20 қыркүйегінде  Шығыстану факультетінің  Қиыр  Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен Ким Артем Германовичтің қонақтық дәрісі өтті. Бұл шара шығыстану саласын зерттеп жүрген студенттер, оқытушылар және бизнес қауымдастығының өкілдерін жинады.

Артем Германович  халықаралық компанияда көптеген жылдық тәжірибесі бар табысты маман ретінде  академиялық білім мен бизнесті ұштастырып жүргізу аясындағы  өз тәжірибесімен  бөлісті. Дәріс барысында шығыс елдеріндегі мәдениет, тілдік дағдылар және экономикалық процестерді түсінудің маңыздылығын атап өтті.

«Шығыстану — бұл тек ғылым ғана емес,  бұл жаһанданған әлемде мансап  құрудың күшті құралы. Шығыс елдерінің мәдениеті, тілі және экономикасы туралы білім сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз болуы мүмкін», — деген пікір айтылды.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, Ресей мен Шығыс Азия арасындағы экономикалық байланыстардың күшеюі аясында шығыстанудың болашағы туралы пікірлерімен бөлісті. Дәріс халықаралық нарықтарда жұмыс істейтін компаниялардағы тәжірбие мен мапсан қуу жолдары жөніндегі талқылаумен аяқталды.   

Шығыстану факультеті,  Қиыр Шығыс кафедрасының ұжымы  Артем Германовичке қызықты және ақпаратты дәріс өткізгені үшін алғысын білдіре отырып, жаңа буын студенттерімен   білімі мен тәжірибесін бөлісуге дайын табысты түлектермен ынтымақтастықтың жалғасуын күтеді.