Тіл-рухани байлық

25 қыркүйек, 2024

Тілдердің көпұлтты мерекесінің негізінде мынадай идея жатыр: Әрбір тіл-бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет - әлемдік өркениетке баға жетпес үлес.

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес – технологиялар» кафедрасының Логистика ББ 4 курс студенттері мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыруды көрсетті.

Осылайша, 2024 жылғы 18 қыркүйекте Логистика ББ 1 курс студенттері үшін ТДМ 3 мақсатына қол жеткізу шеңберінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған іс-шара өткізілді

Мерекелік безендірілген залда жүргізушілер республикамыздың аумағында дамитын және әрекет ететін тілдер туралы айтып берді.

4 курс студенттері би және музыкалық нөмірлер дайындап, түрлі тілдерде өлеңдер оқып, викторина дайындады.

Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен жақсы деңгейде өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Бизнес-технология» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З. Б., эдвайзерлер: Сартова Р. Б., Абдикул Ш. Н.