КОРОЛЬ САЛМАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАБ ТІЛІ АКАДЕМИЯСЫНАН РЕСМИ ДЕЛЕГАЦИЯ ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНЕ КЕЛДІ

26 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 24 қыркүйегінде Шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының Сауд Арабиясынан келген ресми делегациясын қабылдады. Бұл шара барысында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының арабтану бөлімі оқытушы-профессорлық құрамы мен білім алушыларының делегациямен кездесуі өтті.

Кездесу аясында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ араб тілі мен мәдениетін оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында факультетте арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, алғыс хаттар мен рәміздік сыйлықтар табыс етіліп, кездесуге қатысушылар естелік фото-суретке түсті.

Бұл іс-шара елдер арасындағы мәдени және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.