Қазақстанда АЭС салу мәселесінің маңыздылығы неде

25 қыркүйек, 2024

2024 жылы 25 қыркүйек күні, Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының «BOOKCLUB Farabi» атты бөлімінің мақсаттарын жүзеге асыру бойынша  жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтетіндігіне» орай "Қазақстанда АЭС салу мәселесінің маңыздылығы неде"  атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Заң факультеті мен экология мамандығының 1-курс студенттері қатынасты. "Қазақстанда АЭС салу мәселесінің маңыздылығы неде"  атты дөңгелек үстелінің басты мақсаты: Қоғамда қоршаған ортаға қаншалықты маңыздылығы мен Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне сұранысын анықтау.

Дөңгелек үстелге  ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, т.ғ.к., доцент Ноянов Еділ Ноянұлы, т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ғылым жөніндегі орынбасары PhD докторы,  Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлы, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманов Арман қатысты. Дөңгелек үстелде сөз алған ғалымдарымыз Қазақстанда АЭС салу мәселесінің маңыздылығы неде екендігіне назар аударып еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қатар болашақты ойлауымыз керектігіне тоқталды. Сонымен қатар атом электр стансасын салуға қатысты оның зардаптарынада тоқталып барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ескере отырып стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керектігіне назар аударды.

Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М. Арынов