"Бауырсақ пати" ұлттық тағамымызды дәріптеу
2024 жылы 24 қыркүйек күні, Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының «BOOKCLUB Farabi» атты бөлімінің мақсаттарын жүзеге асыру бойынша жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен "Бауырсақ пати" дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Заң факультеті мен экология мамандығының 1-курс студенттері қатынасты. "Бауырсақ пати" дөңгелек үстелінің басты мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіну.
Шараға ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, т.ғ.к., доцент Ноянов Еділ Ноянұлы, т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ғылым жөніндегі орынбасары PhD докторы, Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлы, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманов Арман қатысты. Қонақтарымыздың әр қайсы сөз сөйлеп Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп молшылық пен тоқшылық болсын деп баталары мен тілектерін айтты. Дөңгелек үстел қызу пікірталас алаңына айнала түсті. Соңында өнерлі студенттер арнауларын паш етті.
Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М. Арынов