Qalam School атындағы мектептің оқушылары ҚазҰУ қонақта

23 қыркүйек, 2024

2024 жылы 23 қыркүйек күні, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының аясында Алматы қаласы Qalam School мектебінің 10 - 11 сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері – Н.М.Адигинеев, А.Д. Мұрсалдың қатысумен кездесу өткізді.

Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлық-оқытушылары құрамы - ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, т.ғ.к., доцент Ноянов Еділ Ноянұлы, т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы қатысты. Сөз алған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, оқушыларға университет жайлы айта келіп, 11-сынып оқушыларын факультетте дайындайтын білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен таныстырды. Тарих факультеті мамандықтары бойынша білім алған жастардың болашақта қандай салаларда жұмыс істей алатыны жөнінде нақты мысалдармен баяндап берді. Сонымен қатар «Тарих» мамандықтарының ерекшеліктеріне тоқталды. Кездесудің соңында ұйымдастырушылар тарапынан мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап  берілді. Өз кезегінде, мектеп мұғалімдері мен оқушылары тарих факультеті оқытушыларын өздерінің мектептеріне келіп, мемлекеттік мерекелер мен тарихи тақырыптарға қатысты шараларға қатысуға өтініш білдірді.

Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М. Арынов