Көшбасшылық дәріс "Қазақстанның тас дәуірі бойынша жаңа деректер" тақырыбында
25 қыркүйек, 2024
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 "Сапалы білім" бағыты аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасында белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетов лидерлік дәріс оқыды. Дәріске кафедра қабырғасында білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттармен бірге жас ғалымдар да қатысты. Көшбасшылық дәріс "Қазақстанның тас дәуірі бойынша жаңа деректер" тақырыбында. Ғалым қазіргі таңдағы елімізде тас дәуірі кезеңін зерттеудегі басты мәселелерге тоқталып, жас ғалымдарға кеңес берді. Дәріс соңында пікір алмасып, ортақ ой қозғалды.
Басқа жаңалықтар
5 ақпан, 2025
5 ақпан, 2025
5 ақпан, 2025