«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

25 қыркүйек, 2024

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды.

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

«Әдебиет»,

«Ғылым»,

«Дизайн және бейнелеу өнері»,

«Журналистика»,

«Классикалық музыка»,

«Креативті бастамалар»,

«Спорт»,

«Театр және кино»,

«Эстрада»,

«Халық шығармашылығы».

Креативті бастамаларға – ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бағытында, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қайырымдылық, волонтерлік қызмет салаларындағы жастардың жетістіктері жатады.

«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 21 қазанға дейін Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті ректорат ғимаратында, 10-03 кабинетте (қағаз нұсқада) және (электрондық нұсқа) nurgul.yedrenova@kaznu.edu.kz  поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 (727) 377-33-33, ішкі нөмір 11-62

Ережелермен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://farabi.university/storage/files/282942311366f6931a7f65d057070460_Дарын мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы ереже.docx