Құрмет белгісінің иегері Осман Асылы Әлиқызымен кездесу
19.09.2024 ж., сағат 14.00-де Тұрақты дамудың 4 мақсаты аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары Асилова А.С., Супугалиева Г.И., Жорабаева Ж.К. және «Қаржы» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен "Тілдер күні" мерекесіне орай «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құрметті қонақ ретінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Әлиқызы Осман шақырылды.
Асылы Осман: "Тіл - ұлттың жаны. Ұлтты ұлт етіп сақтайтын осы - тілі. Менің қазағым кімге ұқсамайды: моңғолға да ұқсайды, кәріске де ұқсайды. Бірақ солардан айырып тұратын, қазақты қазақ ететін - тілі. Сондықтан тілді бірінші орынға қоюымыз керек. Өйткені, қазақ тілі Қазақстаннан басқа жерде қолданылмайды, оларға керек те емес"
Қазақ қайда жүрсе де, қолынан қасиетті қара домбырасын тастамаған халық. “Тілдер күні” мерекесіне орай студенттер “Көңіл толқыны”, “Ерке сылқым” күйлерін тарты. Сол қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні талай білім алушыларға рух берді.
Білім алушылар тарапынан көптеген өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, үлкен қызығушылықтарын танытты.
Дөңгелек үстел білім алушылар үшін өте пайдалы және қызықты болды. Өз ана тілдеріне деген құрметі одан әрі жаңғырды. Отанымыздың болашағын жарқын ету үшін, тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек!