Ғылыми семинар: SCOPUS деректер базасына кіретін журналдарға ғылыми мақала жазу процедурасы мен критерийлері

26 қыркүйек, 2024

Педагогика және білімді басқару кафедрасында SCOPUS индексіне кіретін журналдарға мақалалар жазу мәселесіне арналған ғылыми семинар өтті. Профессор А.С. Магауов негізгі аспектілерді, соның ішінде мақаланың негізгі идеясын нақты және динамикалық түрде баяндаудың маңыздылығын, сондай-ақ аннотацияның құрылымын тереңінен қарастырды.

Семинар барысында зерттеудің мақсатын, бар пікірталастарды талдау және әдіснаманы таңдауды талқыладық. Семинар қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға және білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.