«Бірге жұмыс істейміз, бірге демаламыз» - Шығыстану факультетінің оқытушылар ұжымы Түрген шатқалында демалып қайтты

30 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыстану факультетінің ұжымы Алматы облысында орналасқан Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамына кіретін Түрген шатқалына саяхаттап қайтты. Аталмыш демалыс Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының ұйымдастыруымен іске асырылды. Түрген шатқалы әйгілі туристік аймақтардың бірі болып табылады. Түрген су сарқырамасына бару жолында факультет ұжымы ашық аспан астындағы Музей, Есік қорғаны сияқты көрікті әрі тарихи жерлерді көрді. Табиғаты көрікті, ауасы саф, суы таза Түрген шатқалы флора мен фауна әлеміне де өте бай. Шығыстану факультетінің ұжымы таза ауа аясында керемет демалыс күнін өткізіп, шатқалдың сұлу табиғатынан  ерекше  әсер алды. «Парасат» кәсіподағының қолдауымен өткен бұл демалыс факультет қызметкерлері арасындағы ұжымдық рухты көтеріп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің жаңа оқу жылына жаңаша шабыт алуға, мықты ерік-жігер жинауға жақсы бастама болды.  Осы орайда факультет ұжымы «Парасат» кәсіподағына есте қалар демалысты ұйымдастырғаны үшін өз алғыстарын білдіруде.