ҚАЗҰУ – IAAR EURASIAN UNIVERSITY RANKING 2024 РЕЙТИНГІНДЕ КӨШБАСШЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия және Еуропа ЖОО арасында бірінші және үздік университет болып танылды.
Бұл жөнінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) 2024 университеттердің халықаралық рейтингінің қорытындысында жарияланды.
Көшбасшылар үштігіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ош мемлекеттік университеті және Ресей биотехнологиялық университеті кірді.
IAAR EUR халықаралық рейтингі жоғары оқу орындарын төрт индикатор негізінде бағалайды: білім сапасы (20%), жоғары оқу орнының ғылыми әлеуеті (30%), жоғары оқу орнының халықаралық білім беру кеңістігіне кірігуі (20%), жоғары оқу орнының академиялық беделі (30%).
IAAR EUR халықаралық рейтингін IAAR әзірледі және жоғары оқу орындары қызметінің сапасын жан-жақты бағалауға бағытталған, IREG (Observatory on Academic Ranking and Excellence) рейтингтерін құрудың халықаралық әдіснамалық стандарттарын, эмпирикалық зерттеулер жүргізу стандарттарын ескереді және жоғары оқу орындарының жаһандық білім беру және әлемдік зерттеу кеңістігіне интеграциялануына ықпал етеді.
IAAR EUR халықаралық рейтингінің әдістемесі Берлин қағидаттарын сақтауға негізделген: ашықтық, әділдік, тексерілу және ақпарат көздерінің қолжетімділігі.
IAAR Eurasian University Ranking (IAAR-EUR) 2024 халықаралық рейтингінің нәтижелері барлық критерийлер жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторлары болып табылатынын көрсетеді. Жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар, талапкерлер, студенттер және барлық мүдделі адамдар үздік жоғары оқу орындары туралы қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік алады.
ҚазҰУ-дың жоғары рейтингке қол жеткізуі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналудың нәтижесі, сондай-ақ басшылықтың, оқытушылардың, ғалымдар мен білім алушылардың қарқынды жұмысының нәтижесі болып табылады.
Рейтинг қорытындыларымен агенттік сайтынан сілтеме арқылы танысуға болады: https://iaar.agency/rating
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі