ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

24 қыркүйек, 2024

      2024 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында 1 курс геодезия және картография мамандығының студенттерімен дөңгелек үстел форматында тәрбие сағаты өтті. Кездесуге жалпы саны 45 студент қатысты. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Президентінің 2024 жылғы Жолдауында айтылған цифрландырудың жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру және болашақ мамандықтар жайлы ақпарат беру болды. Студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Цифрлық технологиялардың мамандық таңдаудағы рөлі талқыланды. Іс-шара өз мақсатына толық жетті.