Үздік эссе байқауы «Я русский бы выучил...»

9 қараша, 2015

2015 жылдың 29 қазанында Қазақстан Халықтары тілдері күніне орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінде, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанындағы «Орыс тілі және мәдениеті» орталығының ұйымдастыруымен «Я русский бы выучил...» атты тақырып бойынша үздік эссе байқауы болып өтті. Байқауда Элеонора Дюсеновна Сулейменова – Халықаралық жоғары мектеп ғылымы академиясының академигі, Қазақстандағы орыс тілі және әдебиеті оқытушыларының ассоциасының президенті, Мадиева Гүлмира Баянжанқызы – жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ибраева Жанар Кұлматқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Мәмбетова Мәншүк Құдайбергенқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доценті, «Орыс тілі және мәдениеті» орталығының директоры қазылық етті.

Эссе байқауына 30 дан аса шығарма келіп түсті. Онда қатысушылар атақты орыс ақын-жазушыларының сөздерін негізге ала отырып өз бастарынан өткен оқиғаларымен, түйіндерімен бөліскен. Ең үздік деп танылған эссе иелері: журналистика факультетінің 1 курс студенті Болатова Махаббатсұлу, филология және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті Қожан Арайлым, журналистика факультетінің 1 курс студенті Оразбай Әйгерім. Эсседе студенттер орыс тілінің өз өміріндегі маңызы, орыс тілін қанша жастан бастап, не себепті және қалай меңгергендігі жайлы қызықты және тартымды етіп жазған. Орыс тілінің әлемдік 6 тілдің бірі екендігін жаза отырып, бұл тілдің өздеріне қаншама мәліметтерді қол жетімді еткендігін айтып өткен. Елімізде қазақ-орыс қостілділік жағдайы орын алып отырғандығын және осындай тілдік жағдаятта орыс тілін меңгерген адамның қай жағынан алмасын құзыреттілігі жоғары және болашағы жарқын болатындығын атап көрсеткен. Байқау нәтижесі бойынша жеңмпаз студенттер марапатталып, қатысушыларға алғыс білдіріліп, барлығына алдағы оқуларына сәттілік және жарқын болашақ тіленді.