- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-4 Журналистика факультетінің докторанты «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді
ТДМ-4 Журналистика факультетінің докторанты «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді
Бүгін 1 қазан – радио қызметкерлерінің күні. Осыған орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетенің докторанты Назкен Жансерікқызы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына сұқбат берді.
Назкен Жансерікқызы қазіргі таңда теория мен тәжірибені қатар алып жүрген докторанттардың бірі. «Қазақ радиолары» ЖШС қарасты «Шалқар» радиосы «Шалқар таңы» бағдарламасының жүргізуші-редакторы. Радио күніне қарсаңында «Таңшолпан» бағдарламасы радио журналистика саласының мамандарымен тікелей эфирде сұқбаттасты. «Шалқар» радио арнасының таңғы эфир барысын көрсетіп, Назкен Жансерікқызының оқытушылық және шығармашылық қызметін атап өтті.
-Тәжірибеде біз көзбен көріп, қолмен ұстай аламыз. Мен практика жүзінде үйренгенімді Журналистика факультетінің студенттеріне бөлісемін. Теория мен практиканы қатар алып жүру – таразы басын тең ұстаумен бірдей, - дейді ҚазҰУ докторанты.
Еске сала кетейік, әйгілі диктор, Қазақстанның Халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың 100 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған дикторлар байқауында Назкен жүлделі орынды иеленген болатын. Біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында бүгінгі таңда «Шалқар» радиосының жүргізуші-редакторы болды.