Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында Қазақстан халқы тілдері күні өтті

2 қазан, 2024

06.09.2024 жылы сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шарада студенттер көптілділік және ана тілін құрметтеу мәселелерін талқылап, тілге байланысты түрлі ойындар ұйымдастырды.

Қазақстан халқының тілдері күні — 5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке, еліміздегі тілдердің маңыздылығын дәріптеу мақсатында енгізілген. Бұл күн Қазақстанның көпұлтты қоғамында тілдердің әрқайсысының маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетеді. Ел ішінде тілдер күнін белгілеу туралы шешім 20 жылдан астам уақыт бұрын басталған талқылаулардың нәтижесінде қабылданып, «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін құруға алып келді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тілдерді меңгерудің маңыздылығын, ана тілінің ұлттық сәйкестілікті сақтаудағы рөлін талқылап, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Іс-шара барысында студенттердің тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған пікірталастар өтіп, тілдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мәселелері қозғалды.

Қазақстан халқының тілдері күні жыл сайын өткізілетін маңызды мереке ретінде Қазақстанның көпұлтты қоғамындағы тілдер мен мәдениеттердің байлығын, бірлігін насихаттауға зор үлес қосады.

Н.Н.Кайранбаева, К.Б. Жанатаева.