Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы оқытушылары мен студенттерінің №14 жатақханада кездесуі: «Қазақстанның бейбіт атомы және тұрақты дамуы»

1 қазан, 2024

2024 жылдың 1 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары Апсаттарова Гулзада Абдусагатовна және Малтабаров Арсен Аскарұлы №14 жатақханада тұратын студенттермен кездесу өткізді. Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстанның бейбіт атомы және тұрақты дамуы» – елдің бейбіт мақсатта ядролық энергияны пайдалану және оның тұрақты дамуындағы рөліне арналды.

Бұл іс шара 6 қазанда өтетін алдағы референдумға орайластырылып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында, атап айтқанда, ТДМ №7 – «Баршаға қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерін қамтамасыз ету» бағыты бойынша өтті. Ядролық энергияның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және елдің экологиялық таза дамуындағы маңызды рөлі талқылаудың басты тақырыптарына айналды.

Студенттерге Қазақстан үшін ядролық энергияның бейбіт және қауіпсіз қолданылуын ашып көрсететін бейнематериалдар көрсетілді. Көрсетілімнен кейін студенттер оқытушыларға белсенді түрде сұрақтар қойып, бейбіт атомды дамытудың перспективалары мен оның ел үшін маңыздылығын талқылады.

Іс-шара достық атмосферада өтіп, студенттердің ядролық технологиялардың заманауи әлемдегі рөлі туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.