- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ ТДМ 3: "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері" тақырыбында "№21 Гимназия" 9 сынып оқушыларына арналған кездесу
БҰҰ ТДМ 3: "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері" тақырыбында "№21 Гимназия" 9 сынып оқушыларына арналған кездесу
🇺🇳 БҰҰ ТДМ 3: "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері" тақырыбында "№21 Гимназия" 9 сынып оқушыларына арналған кездесу🇺🇳
📌БҰҰ-ның "Жақсы денсаулық және салауаттылық" 3-тармағы Орнықты даму саласындағы мақсатын іске асыру және оған қол жеткізу шеңберінде белгілі бір іс-әрекеттер мен міндеттерді орындауға шақыру болып табылады, осыған байланысты оқытушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен "6В12301 Құқық қорғау қызметі" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттерімен "№21 гимназияның " 9 сынып оқушыларына арналған "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктері" тақырыбында кездесу өткізді.
🎯Кездесудің мақсаты-оқушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің баптарымен таныстыру, кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
🗣️Спикерлер өз сөзінде қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларға назар аударып, қылмыстық жауаптылықтың жасын, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерін көрсетті.
📌Іс-шара соңында оқушылар қарастырылып отырған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Бұл кездесу маңызды тәрбиелік мәнге ие болды!