АҚШ-та тағылымдамадан өту гранттарына байқау жарияланды

10 қараша, 2015

АҚШ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛ!

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру Қоры ҚР азаматы болып келетін және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану, ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2, 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өту грантына байқау жариялайды.

Егер сен:

  • Қазақстандық ЖОО-ның 2, 3-курс студенті болсаң;
  • Сенің мамандығың – жаратылыстану-ғылыми және техникалық болса немесе Nutrition/Food Studies and Public Health бағытына қатысы бар болса;
  • Сен шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D. бағдарламасына түсуді армандасаң;
  • Сенің ғылыми жобаларың мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;
  • Сен ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң;
  • Сенің Қазақстанда ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге ынтаң болса

Сенде келесідей мүмкіндіктер бар:

  • АҚШ-та жұмыс жасайтын ғалымдардан сараптық қызмет және жәрдем алуға;
  • Оқуға түсуге қажетті дайындықтан және тренингтен өтуге;
  • Таңдаған тағылымдама бағдарламаларының біріне түсуге;
  • Грантқа ие болып, 2016 жылдың жазында АҚШ-қа тағылымдамаға баруға.

Байқау қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

1. Байқауға тек ҚР азаматтары, соның ішінде ЖОО-ның техникалық және жаратылыстану бағытында білім алатын 2-3 курс студенттері ғана қатыса алады;

2. Ізденушілердің оқуы "өте жақсы" және "жақсы" деген деңгейде болуы шарт. Берілген деректер студент білім алып жүрген ЖОО-ның ректорының немесе проректорының ұсыным хаттары және сынақ кітапшасының түпнұсқасы және көшірмесі арқылы дәлелденуі керек;

3. Ізденушілердің мектеп кезіңде қатысқан олимпиада және ғылыми жоба байқауларында көрсеткен жоғары нәтижелерінің көрсеткіші, сонымен қатар орта білім алу туралы аттестаты болуы қажет. Дерек көздері диплом, мақтау қағаздары, сертификаттар және аттестаттардың түпнұсқасымен және көшірмелерімен дәлелденуі тиіс;

4. Ізденушінің ағылшын тілін білу деңгейі «intermediatе» дәрежесінен кем болмауы тиіс. Егер де, ізденушінің осы бағыттағы тиісті сертификаттары болмаған жағдайда, оған өзінің дәрежесін тест түрінде көрсету мүмкіндігі беріледі;

5.Ізденуші өз алдына спецификалық ғылыми бағыттың нақты түрде қандай да бір аясына қызығушылығын көрсете білуі керек және қор құрамына келесі құжаттарды өткізуі тиіс: авторлық ғылыми мақалалар, ғылыми-зерттеу жинақтарына енген жұмыстар және т.б.;

6. Сонымен қатар, ізденуші «Маған Ph.D. дәрежесі ... үшін керек» тақырыбында эссе жазуы шарт.

Бұл үшін қажетті іс-әрекет:

20.11.2015 ж. мерзіміне дейін:

  • Бағдарламаға қатысу өтінімін толтыру;
  • Бізге келесі құжаттарды жіберу:

- Жеке құжат көшірмесі;

- Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);

- Орта білім аттестатының және оның қосымшасының көшірмесі;

- Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;

- «Маған Ph.D. дәрежесі ... үшін керек» тақырыбында эссе;

- ЖОО проректоры немесе ректорының кепілдемесі;

2015 жылдың байқау жеңімпаздары және демеушілік бағдарламасының грант иегерлері 2016 жылы ұйымдастырылып отырған байқауға қатыса алмайды.

Өтінімді құжаттармен бірге Қор кеңсесіне жіберу керек:

050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 36, «AFD» БО, 4-қабат

+ 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05

info@yessenovfoundation.org, yessenovfoundation.org

  • Келесі байланыс телефондарына хабарласып өтінімнің қабылданғанына көз жеткізу:

Тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05

және 30.12.2015 ж. бірінші іріктеу кезеңінің нәтижесін күту.

Жазғы тағылымдама бағдарламасы жайлы толық ақпаратты келесі сайттан көре аласыздар: yessenovfoundation.org