ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті университетіміздің ардагерлері,
аға буын оқытушы-ғалымдары!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз қашанда үлкенге құрмет көрсетіп, қариясын қадыр тұтқан.
90 жылдық тарихы бар университетіміздің дамуына біздің ардагер оқытушы-ғалымдарымыздың қосқан үлесі зор.
Түркі әлемінің ұлы ойшылы Әлішер Науаидің
«Халықтан қайырымдылықты,
Қариядан пайымдылықты үйрен» – деген нақылы, бүгінгі жастардың ұстанымына айналуы тиіс.
Үлкен мектеп қалыптастырған аға буын өкілдері бүгінде мол тәжірибелерін жастарға үйретіп келеді.
Университетіміздің барлық бастамаларына ҚазҰУ-дың Ақсақалдар кеңесі үлкен қолдау білдіріп отырады.
Әйгілі ағартушы-ғалым Жан-Жак Руссо
«Жастық шақ-даналықты меңгеруге арналған уақыт,
Қарттық – оны қолдануға арналған уақыт» – деп пайымдаған.
Қазыналы қарттарымыз ұрпақ сабақтастығын өрбітіп, білім ордасындағы академиялық дәстүрлерді сақтап, ізбасар шәкірттеріне үлгі болуда.
Университет – еңбектеріңізді жоғары бағалап, сіздерді ерекше мақтан тұтады.
Жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолында көш бастап, береке-бірлігіміздің ұйытқысы болып, аман жүріңіздер.
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас қайрат, шаңырақтарыңызға қуаныш-бақыт тілеймін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ