Заң газеті

10 қараша, 2015

Тәжірибелі маман ортамызда

Таяуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуге Алматы қаласы, Медеу аудандық прокурорының аға көмекшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің 2012 жылғы түлегі Ш.Рсалин шақырылған болатын.

Шара барысында Ш.Рсалин заң факультетінің 1-4-курс студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды. Студенттер қонаққа өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Прокурор көмекшісі лауазымын атқаратын Ш.Рсалин тәжірибедегі біліктілігімен бөлісіп, қадағалау органында қызмет етуге талаптанып жүргендерге ақыл-кеңесін берді. Студенттер тарапынан болашақта да осындай тәжірибелі қызметкерлермен кездесулер көбірек өткізіліп тұрса деген ұсыныстар айтылды.


Айжан АРЫН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы