Бюджетті басқару бойынша кездесу өтті!
3 қазан, 2024
3 қазан күні QBI Analytics директоры Қалибеков Максаттың «Бюджетті басқару тәжірибеде» атты дәрісі сәтті өтті. Кездесуді факультет деканы, Даулиева Г.Р. ашты. Іс-шараға Экономика, Цифрлық экономика және Қаржы мамандықтарының студенттері қатысты.
Студенттер бюджетті басқару, шығындарды оңтайландыру және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы қызықты сұрақтар қойып, спикер әрбір сұраққа толық жауап берді. Бұл кездесу Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР), соның ішінде №8: Тұрақты экономикалық өсу және №9: Инновация және инфрақұрылымды дамыту мақсаттарына жету үшін өте маңызды болды.
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
17 қаңтар, 2025
16 қаңтар, 2025
15 қаңтар, 2025