- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаңа атом электр станцияларын салу туралы пікірталас: Қазақстан үшін қажеттілік пе, әлде артық тәуекел бе?»
«Жаңа атом электр станцияларын салу туралы пікірталас: Қазақстан үшін қажеттілік пе, әлде артық тәуекел бе?»
2024 жылдың 3 қазанында «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттері арасында «Жаңа атом электр станцияларын салу туралы пікірталас: Қазақстан үшін қажеттілік пе, әлде артық тәуекел бе?» тақырыбында пікірсайыс өтті. Шара «Халықаралық қатынастар» факультетінің «Дипломатиялық аударма» кафедрасының Мәдениетаралық коммуникациялар және аударма қызметі орталығында ұйымдастырылды.
Пікірсайыс Қазақстанда жаңа атом электр стансаларын салу бойынша алдағы референдумға арналды. Студенттер әртүрлі көзқарастарын білдіре отырып, бұл жобаның оң және теріс жақтарын белсенді түрде талқылады. Кейбіреулер атом энергиясын енгізу қажеттілігін елдің экономикасы мен энергетикалық өсімі үшін маңызды қадам ретінде алға тартса, басқалары қоршаған орта мен қауіпсіздікке қатысты ықтимал қауіптерге алаңдаушылық білдірді.
Пікірталасты кафедра оқытушылары Мұратбек Назия мен Тастанова Раушан ұйымдастырды. Іс-шара студенттерді қоғамдық талқылаулар мен референдумдарға қатысуға дайындауға, олардың талдау және коммуникативті дағдыларын дамытуға зор үлес қосты.