ТДМ 16 іске асыру шеңберінде "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында ғылыми семинар

3 қазан, 2024

03.10.2024 ж. ТДМ 16 іске асыру шеңберінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Қуандықова Эльвира Серікбайқызы 4-курс студенттерімен және заң клиникасымен бірлесе отырып, "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлықты анықтау, ақпараттандыру және оған қарсы әрекет етудегі маңызды рөлін көрсету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ақпаратты арттыру және белсенді әрекеттерге ынталандыру болды.

Ғылыми семинар барысында мемлекеттік саясаттың мәселелері мен халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде қоғамдық ұйымдардың рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, семинар шеңберінде жарыс ұйымдастырылып, қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың шынайы жағдайларын модельдейтін зерттеу кейстерін қарастырды. Бұл жастарды проблемаларды анықтап, тиісті шаралар қабылдауға ынталандырып, өз қауымдастықтарында ашықтық пен есеп берудің қорғаушысы болуға шабыттандырды.