«Тазалық – тектілік кепілі»

4 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі студенттерге арналған «Тазалық – тектілік кепілі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Шара «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» атты Тұрақты даму мақсаттарының №8-ші  көрсеткішіне сәйкес ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттерді кез келген кәсіпте тазалық сақтауға, білім алуға және адал еңбекке ұмтылуға үйрету.

Шараға Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі Ғалымжан Есқараұлы модераторлық етіп, алғашқы сөзді кафедраның құрметті ұстазы, профессор Мәди Байдәулетұлына берді. Профессор жастарға тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге болатын өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

 Қаржы және есеп кафедрасының ардақты ұстазы, профессор Сария Баймұқанқызы тақырыптың мазмұнына кеңінен тоқталып, жастарға ақыл-кеңесін берді. Доцент Алтынай Болысқызы мен аға оқытушылар Абай Жәңгірбайұлы мен Болат Амантайұлы да шараға белсенді қатысып, тазалық, ізгілік қағидаттары бойынша тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі