География және табиғатты пайдалану факультеті сенбілікте!
Бүгін, 5-қазанда География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері мен оқытушылары университет аймағын тазалау және көркейту мақсатында сенбілік өткізді. Сенбілік тек тәртіп орнату аясында ғана болып қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың көрінісі болды. Осы іс-шараға қатысу арқылы факультет мүшелері экологияны қорғау және тұрақты даму бойынша халықаралық бастамаларды қолдады. Бұл сенбілік Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 15-ші мақсаты — «Жер экожүйелерін сақтау» мақсатында биоәртүрлілікті сақтау және экожүйелерді урбанизациямен гармонияда ұстап тұруға ықпал етті.
География және табиғатты пайдалану факультеті студенттер мен оқытушылар арасында экологиялық жауапкершілік құндылықтарын белсенді түрде насихаттап, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын әрқашан дәріптеуде. Университет аймағын тазалау осы тәсілдің жарқын мысалы болды, мұнда әр қатысушы кампустың тазалығын сақтау үшін өз үлесін қосты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы экологиялық жауапты қоғамды қалыптастыруға әрдайым ұмтылады, үнемі осы сынды іс-шараларды ұйымдастырып, аймақтың тазалығын қамтамасыз ету және қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін тәрбиелеуді мақсат етеді.