Халықаралық қатынастар факультетіндегі Елші күні
2015 жылдың 6 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінде Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Оле Йохан Бёрн және Қасиетті Престол Нунцийі (Ватикан) Мигель Маури Буэндианың студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған екі дәрісі өтті.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары - Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы мен "Талейран" Дипломатиялық студенттер клубы.
Дипломатиялық миссиялардың басшылары Қазақстан Республикасымен екіжақты қатынастардағы негізгі бағыттар туралы айтты. Дипломаттардың бағасы бойынша қол жеткен нәтижелер, сауда-экономикалық серіктестіктің әлеуеті таусылмаған. Екі мемлекеттің арасындағы барлық жобаларда тек бағыттық қана емес, сондай-ақ тілдік құзіретке ие кәсіби кадрлардың қатысуы қажет.
Лекцияда видео материалдар мен презентациялар көрсетілді. Дәрісті қорытындылай келе, Елші студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Дәріс соңында Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шәкіров К.Н. қонақтарға университет туралы кітаптар мен естелік сыйлықтар табыстады.