Ұстаздар мерекесіне орай оқытушыларға арналған құттықтау сағаты

4 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 "Сапалы білім" бағыты аясында «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері университет оқытушыларының ресми мерекесіне орай құттықтау сағатын өткізді.

Шара барысында университет  оқытушыларының студенттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы ерекше рөлдері туралы, олардың үлкен өмірге бейімдерін қалыптастырудағы мақсаттары талқыланды. Студенттер арасында патриоттық құндылықтарды тәрбиелеуге, оларды университеттің қоғамдық өміріне тартуға, студенттердің жалпы білім беру, кәсіби және саяси деңгейін көтеруге бағыттау. өмір сүру, жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау барлығы оқытушылардың негізгі міндеттері десек қателеспейміз.

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін ұстаздық, ғылым жолдарыңызда тек өрлеу мен өсуге бағытталсын. Студенттер оқытушылар құрамына шексіз алғыстарын айтып, олардың атқарып жатырған қызметтеріне рақметтерін айтты.