Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде «Ұлттық домбыра» күні атап өтіледі.
Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра.
Құрамында 40 аса студенттері бар Қазақ Ұлттық университетінің «Фараби сазы» студенттік ұлт-аспапатар оркестрі жыл сайын аталып өтілетін «Ұлттық домбра күніне» күй тартыс өткізді. Оның ішіне келесі шығармалар кірді: Б.Ақтаев – «Алаш аманаты», Махамбет – «Жұмыр қылыш», Құрманғазы – «Балбырауын», Дәулеткерей – «Көроғлы», Н.Тілендиев – «Әлқисса», Құрманғазы – «Адай» және де еліміздің жас танымал әншісі Садраддиннің «Айға қарап» әнін орындады.