2024 жылдың 4 қазанында «Аударма ісі» мамандығының 2 курс эдвайзері Төреханова Р.А. 2 курс студенттерімен бірге ТДМ 12. «Жауапты тұтыну және өндіріс» аясында «Жасыл экономика» жобасын талқылау іс- шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты студенттерді «Жасыл экономика» жобасымен таныстыру.
«Жасыл экономика» жобасының мақсаты — қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, тұрақты және тиімді экономикалық жүйені құру. Бұл жоба экологиялық таза технологиялар мен ресурстарды тиімді пайдалану арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етуді көздейді. Оның негізгі бағыттары:
- Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
- Қалдықтарды азайту
- Энергия тиімділігі
- Экологиялық инновациялар
- Жасыл жұмыс орындарын құру
Студенттер жобаның бағыттарына қатысты өз ойларын білдіріп, «Жасыл экономика» жобасының маңыздылығы жөнінде сөз қозғады. «Жасыл экономика» жобасының маңыздылығы — экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өсуді теңестіру арқылы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануын азайту. Мерейім Қазақстандағы экологиялық проблемаларды атап көрсетіп оларды шешу үшін кешенді шаралар қажет екендігі жайлы сөз қозғады. Мұндай мәселелердің шешіміне мемлекеттік деңгейде де, қоғам тарапынан да белсенді әрекет керек қажет екендігін атап өтті. Іс-шара барысында студенттер пікір алмасып, өз ойларымен ашық бөлісті.
Ұйымдастырушы: Төреханова Р.А.