2024 жылдың 1 қазанында № 17 Студенттер үйінде «Аударма ісі» мамандығының 2 курс эдвайзері Төреханова Р.А. 2 курс студенттерімен бірге №4 ТДМ. Сапалы білім аясында «Мерейлі университетім» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты cтуденттерді университет тарихымен таныстырып, оның жетістіктеріне деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ білім ордасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Іс-шара университеттің даму тарихын және оның жетістіктерін таныстырудан басталды. Университеттің жетістіктеріне ҚазҰУ университеттердің Халықаралық рейтингтерінде тұрақты жоғары орынға ие болуы жатады. Мысалы, QS World University Rankings 2024 рейтингінде ҚазҰУ әлемнің топ-200 университетіне кіріп, 169-шы орынды иеленді. Бұл оны қазақстандық және Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында көшбасшы етеді. Сондай-ақ, университетте нанотехнология, биотехнология, баламалы энергетика, ғарыштық технологиялар және басқа да жоғары технологиялық бағыттар бойынша зерттеулер жүргізілетін бірнеше халықаралық деңгейдегі ғылыми орталықтар мен зертханалар бар. Дильназ мен Назерке студенттердің өмірі, студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ететін іс-шаралар мен жобалар туралы ақпарат ұсынды. Эдвайзер Төреханова Р.А. университеттің тек оқу орны емес, сонымен қатар студенттер үшін екінші үйге айналатынын және осында алған білімнің болашақта жан - жақты дамуына әсер ететіндігін туралы пікір білдірді. Одан соң студенттер университетке қатысты викторинаға қатысып, әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Ойын барысында студенттер университет тарихы мен оның жетістіктері туралы қызықты деректермен танысып, білімдерін тереңдетті. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті, студенттер университетке деген мақтаныштарын білдіріп, болашақта оқу орнымызды жоғары деңгейге көтеруге атсалысатындықтарын айтты.
Ұйымдастырушы:Төреханова Р.А.