Саясаттағы көшбасшылық және коммуникация
2024 жылғы 27 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті халықаралық қатынастар факультетімен біріге отыра, сонымен қатар, "Ақпараттық-ресурстық орталық" Қоғамдық Қоры студенттерге "Халықтың саяси мәдениеті" жобасы аясында семинар ұйымдастырды. Семинарға саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының және халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты. Философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары Осербаев Елдос Нұрланұлы және халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Серікбайқызы Байқушықова құттықтау сөз сөйледі. Семинардың модераторы: Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Сейтжанұлы Қисиков. Семинарға спикерлер ретінде:
Қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Стамбеков Ерлан Даулетұлы;
Cаясаттанушы, "Халықаралық Әлеуметтану және саясат институты" ҚҚ директорының орынбасары, қоғам қайраткері қатысты.
Семинардың тақырыбы: "Саясаттағы көшбасшылық және коммуникация". Тренинг соңында қатысушы студенттер сертификаттар алды.