әл-Фараби атындаға ҚазҰУ-нің PhD докторанттары Малайзияда
әл-Фараби атындаға ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» және «Менеджмент» кафедраларының 2 курс PhD докторанты 8D11301 — Логистика (сала бойынша) — Мұса Қарлығаш Асылқызы және 8D04103 — Мемлекеттік және жергілікті басқару — Асанова Арайым Данаевна Малайзияның Теренггану университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Шетелдік ғылыми жетекшісі — университетің қауымдастырылған профессоры, Дживан Джаган.
Стажировканың мақсаты — Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсатын — Сапалы білімді қолдау, диссертациялар мен ғылыми жарияланымдар үшін материалдарды жинау, сондай-ақ кәсіби дағдыларды дамыту. Тағылымдама аясында докторанттар семинарлар мен мастер-класстарға қатысады, бұл олардың кәсіби өсулеріне және халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасуына ықпал етеді.
Бұл тағылымдама әл-Фараби атындаға ҚазҰУ (https://farabi.university/) мен Малайзия университеті Теренггану (https://www.umt.edu.my/) , арасында болашақта серіктестікті дамыту перспективаларын ашады, соның ішінде бірлескен ғылыми жобалар мен студенттер алмасу. Осылайша, бағдарлама жоғары білім стандарттарына қол жеткізуге және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған, бұл сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша жаһандық стратегияның маңызды бөлігі болып табылады.