Central Asia Fintech Summit 2024
8 және 9 қазанда Алматыда алғаш рет Central Asia FinTech Summit 2024 өңірінің ең ірі FinTech-іс-шарасы өтуде.
8.10.2024 ж., «Қаржы» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған «Цифрлық қаржы» пәнін өзектендіру шеңберінде және «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» 9ТДМ жоспарын іске асыру аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы Касенова Г.Е. студенттердің Орталық Азия Fintech Summit-не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық Төлем корпорациясының (ҰТК) алаңына қатысуын ұйымдастырды.(https://npck.kz/central-asia-fintech-summit-2024/)
Central Asia Fintech Summit 2024 цифрлық қаржыландыру саласындағы нақты шешімдерді талқылайтын алғашқы бірегей алаң болып табылады.
Саммитте 70-тен астам спикер, соның ішінде; Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Ұлттық төлем корпорациясының төрағасы, Қазақстанның жетекші банктері мен қаржы институттарының басшылары, Visa және Mastercard вице-президенттері, Google, Microsoft және Telegram өкілдері қатысты.
Орталық Азия Fintech Саммитінің бірінші күнінде еліміздің қаржы нарығындағы цифрландыру мен инновацияны дамытудағы маңызды қадам болатын Қазақстанның цифрлық Ұлттық банкінің тұжырымдамасы алғаш рет таныстырылды.
Студенттер әлемдік қаржы нарығының жетекші сарапшыларынан көптеген өзекті және пайдалы ақпарат алды.