"Сапалы білім"

8 қазан, 2024

2024 жылдың 8 қазанында БҰҰ-ның ТДМ (4) «Сапалы білім» аясында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушылары Базартаева Е.Б. және Нұрбақытова Ж.Н. заң факультетінің 1 курс студенттерімен бірге Г. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында «Қызыл орамалды шынарым» спектаклін тамашалады.

Бұл керемет іс-шара болды! Студенттер тек актерлердің шебер ойынын тамашалап қана қоймай, қойылымнан кейін әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты. Оқытушылар студенттерге сюжетті тереңірек түсінуге, шығарманың астарлы мәнін ашуға және маңызды тұстарын талқылауға көмектесті. Мұндай тәжірибе шабыт беріп, өнерді қабылдау көкжиегімізді кеңейтеді.

Театр – бұл тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар, жас ұрпақ пен оқытушылардың да дамуына ықпал ететін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі!

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы.