- Басты бет
- Жаңалықтар
- Deutsche Welle академиясының тұрақты даму, экология және климаттың өзгеруі саласындағы жас ғалымдар мен мамандарға арналған алғашқы медиа-тренингі өтті
Deutsche Welle академиясының тұрақты даму, экология және климаттың өзгеруі саласындағы жас ғалымдар мен мамандарға арналған алғашқы медиа-тренингі өтті
2024 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының (РЭЦЦА) бас кеңсесінде Deutsche Welle академиясының тұрақты даму, экология және климаттың өзгеруі саласындағы жас ғалымдар мен мамандарға арналған алғашқы медиа-тренингі өтті. Тренинг медиа және көпшілік алдында сөйлеу тақырыбына арналды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушылары Ахметова С.Т. және Раймбекова Ж. Т. бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) жұмыс істеу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және сұхбат негіздерін үйренді.
Тренингте қатысушылар БАҚ-қа арналған ауызша түсініктемелер мен сұхбаттарды, сондай-ақ панельдік пікірталас пен конференция форматында сөйлеуді үйренді. Тренинг соңында жаттықтырушы Констанция Брацки мен Клаудия Папе әр спикердің жағдайын талдап, олардың дағдыларын жақсарту бойынша құнды ұсыныстар берді.
Осылайша, тренинг Қазақстанның жас мамандарына БАҚ-пен жұмыс істеу және экологиялық тақырыпқа баса назар аудара отырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектесті.
Басқа жаңалықтар


