ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ОДАҚТАРЫНЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМЫ!
Сіздерді 10 қазан – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кәсіподақтардың жұмысына сенім артып, үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.
Президент: «Кәсіби одақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.
Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер», – деп атап өткен болатын.
Тоқсан жылдық тарихы бар университетімізде 30 жылдан аса уақыттан бері ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы нәтижелі жұмыс атқарып келеді.
Кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, әлеуметтік мәселелерін шешуде және еңбек қауіпсіздігін сақтауда «Парасат» ұйымының қосқан үлесі зор.
Алдағы 2025 жылы еліміздегі Кәсіподақтар қозғалысының басталғанына 125 жыл және Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл толады.
Осы мерейлі кезеңге ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы үлкен табыстармен жететініне сенімдімін.
Көшбасшы оқу орнымыздың игілігі жолында іске асырып жүрген әрбір бастамаларыңыз жемісті болсын.
Әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген ізгі дәстүрлеріңізді жалғастырып, межелі белестерді бағындыра беріңіздер.
Әрдайым жақындарыңыздың құрметіне бөленіп, әріптестеріңіздің алдында мерейлеріңіз үстем болсын.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ