- Басты бет
- Әйелдер одағы
- "Қазақстандық қоғамды трансформациялау контекстіндегі гендерлік проблемалар"
"Қазақстандық қоғамды трансформациялау контекстіндегі гендерлік проблемалар"
2024 жылы 8 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қабырғасында "Қазақстандық қоғамды трансформациялау контекстіндегі гендерлік проблемалар" тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Ұйымдастырушылар з.ғ.д., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы ,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Калишева Н.Х және "Әділ құқық" ғылыми қоғамдастығының қатысушылары. Үкіметтің 2024-2027 жылдарға арналған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасын талқылау қарсаңында спикерлер мәлімделген тақырып бойынша ғылыми хабарламалар дайындап, заң факультетінің бітіруші курс студенттерінің алдында сөз сөйледі. Хабарламалардың тақырыбы әртүрлі және өзекті болды. Бұл гендерлік теңсіздік тарихы, гендерлік ұғым, дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел, гендерлік зерттеулер: дүниетаным мен әдіснама, әйелдердің жағдайын жақсартудағы БҰҰ рөлі, әйелдер құқығын қорғау жөніндегі халықаралық құжаттар, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, Қазақстандағы ЛГБТ құқықтары, Швецияның гендерлік теңдік саласындағы саясаты және т. б.
Гендерлік теңсіздік дамудағы теңгерімсіздік болып табылады, бұл сәйкесінше екі әлеуметтік топқа жататын жеке адамдар арасындағы айырмашылықтарды анықтайды. Осы әлеуметтік топтардағы адамдардың ойлау жүйелерінің, өмір салтының ерекшелігі тағы екі ұғымды тудырады: ерлер үшін - еркектік, әйелдер үшін - әйелдік. Бұл семинардың негізгі міндеті Қазақстан мен кейбір шет елдердің гендерлік зерттеулеріндегі жыныстар арасындағы айырмашылықтар мен олардың өзара қарым-қатынастары қалай қаралатынын көрсету.
Оқыту семинарларды өткізу, білім беру мақсатында гендерлік теңсіздіктің өзекті мәселелерін қарау және Жаңа Қазақстан қоғамындағы әлеуметтендіру проблемаларын шешуге өте көп ықпал етеді деп санаймыз.