"Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным"

2 қазан, 2024

2024 жылдың 2 қазан күні БҰҰ-ның ТДМ (4) "Сапалы білім" аясында "Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының оқытушылары з.ғ.к., доцент Исабеков А.К және з.ғ.д., доцент Баймаханова Д.М. заң факультетінің 4-курс студенттерінің қатысуымен "МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ-ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМ" тақырыбанда іс - шара өткізді.

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттің атынан және оның мүддесі үшін жүзеге асырылатын қызмет түрі. Мемлекеттік қызметтің негізгі міндеті – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
жұмысын қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекетке тиімді және сапалы қызмет көрсету. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік органдардың шешімдерін іске асырады, заңдардың орындалуын қадағалайды және халыққа әртүрлі мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Осы мәселе бойынша 4 курс Нұрғалиев Нұрғиса мемлекеттік қызметтің негізгі аспектілерін айтып өтті. 

Лекция барысында студенттермен оқытушылар арасында пікір алмасып, сұрақ - жауап алынып ашық әрі айқын ой қалыптасты. Мемлекеттік қызметтің бүгінгі таңдағы көрінісін және мемлекетік қызмет заңының өзекті мәселелерін талқылады.


"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы