Профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру
📢 Үлкен қадам алға: университетіміздің оқытушылары "Жасанды интеллект" бағдарламасы бойынша білім алады!
Біздің университет оқытушылардың біліктілігін арттыруға арналған гранттық бағдарлама аясында «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» Корпоративтік қорымен ресми түрде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын хабарлауға қуаныштымыз. Соның арқасында Жасанды интеллект және Big Data кафедра оқытушылары Жасанды интеллект (AI) бойынша 6 айлық біліктілікті арттыру курсынан өте алады.
Бұл курс болашақ технологиялар мен деректер мамандарын дайындауға бағытталған университетіміздің білім беру бағдарламаларын нығайту және жаңарту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Оқу бағдарламасына мыналар кіреді:
- 📊 Деректерді талдау және машиналық оқыту: үлкен деректерді өңдеу және талдаудың заманауи әдістері, машиналық оқыту негіздері, терең оқыту әдістері және оларды қолдану.
- 🧠 Жасанды интеллектті модельдеу: Оқытушылар күрделі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолданылатын AI-ның жетілдірілген алгоритмдерімен танысады.
- 🤖 AI-ны оқу бағдарламаларына интеграциялау: Біздің оқытушылар AI-ны білім беру үдерісіне енгізу үшін қажетті дағдыларды алады, бұл біздің студенттерімізге әлемдік стандарттар мен талаптарға сай болуға мүмкіндік береді.
Бұл оқыту оқытушылардың біліктілігін арттырып қана қоймай, университеттің оқу бағдарламасына да кіріктіріледі. Нәтижесінде біздің студенттер жоғары технологиялық салаларда табысты мансап үшін қажетті озық білім мен дағдыларды ала алады.
Меморандумды дайындауға атсалысқандардың барлығына алғыс айтамыз және курстың басталуын асыға күтеміз!
Сілтеме: https://datagroup.kz/aiengineer