«Академик С.С. Сартаевтың ғылыми мұрасы»
ХАБАРЛАНДЫРУ
Конференция аясында заң факультеттерінің 1-4 курс студенттері арасында «Академик С.С. Сартаевтың ғылыми мұрасы» тақырыбында үздік эссе байқауы өткізіледі.
Қатысушыларға үздік үш жұмысқа жүлделер беріледі:
1 орын – 50000 теңге, 2 орын – 30000 теңге, 3 орын – 20000 теңге.
Эсседе келесі бағыттарды ашу қажет:
- академик С. С. Сартаевтың мемлекеттік-құқықтық қызметі;
- академик С. С. Сартаевтың адам құқықтары туралы ғылыми көзқарастары;
- академик С. С. Сартаевтың заң ғылымы мен заң білімін дамытудағы рөлі.
Қатысу шарттары: эссені 2024 жылғы 18 қазанға дейін қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық пошта арқылы жіберуді сұраймыз.
Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Файл атауында автордың тегі көрсетілуі керек. 2-2,5 бетке дейінгі көлемдеWinword мәтіндік редакторда, TimesNewRoman шрифтінде; жоларалық интервал 1,0 кегль 14, сол жақ-2 см., оң жақ-2 см., төменгі және жоғарғы жағы –2 см-ден басылуы керек. Бірінші парақта ортаңғы жағында тегі мен аты-жөні, ЖОО, телефон нөмірі, 1 интервалдан төмен - қызыл жолдан эссе мәтіні.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кеш жолданған материалдар қаралмайды және кері жіберілмейді.
Ұйымдастырушы комитеттің мекен-жайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті.
Анықтама телефоны: +7-701-801-86-88, +7778 199 99 95
E-mail: ulan.abdykadyr@kaznu.edu.kz
Барлық сұрақтар бойынша Абдықадыр Улан Бегалыұлына (+7778 199 99 95) хабарласыңыз.