«Гендерлік теңдік құқықтың құндылығы ретінде»
Университетіміздің Заң факультетінде кеден, қаржы және экология құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен 9 қазан күні ТДМ-5: Гендерлік теңдік мәселесі бойынша «Гендерлік теңдік құқықтың құндылығы ретінде» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Аталған семинарға Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы, кеден, қаржы және экология құқығы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Қуаналиева Гулдана Амангелдіқызы мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, Заң клиникасының директоры Бакиров Дархан Әбдіманапұлы және студент жастар қатысты. Сондай-ақ бұл семинарға «Human Rights Lawyers» Президенті, One-Stop-Service (Бір Қадам) орталығының кординаторы Ляззат Ракишева Бекмуханбетқызы, қазақ психологтар одағының мүшесі, One-Stop-Service (Бір Қадам) орталығының практик-психологі Хабаева Женисгуль Жапархановна қонақ ретінде шақырылды.
«Гендерлік теңдік құқықтың құндылығы ретінде» тақырыбында өткен бұл семинарды заң факультетінің деканы з.ғ.к., доцент Уалихан Ақыпбекұлы өзі ашып, ТДМ шеңберіндегі жалпы гендерлік саясаттың мақсаты, қоғамдағы әйелдердің құқықтары мен оларға деген құрметтің маңыздылығы жайында сөз қозғады. Семинар барысында қаржы және экология құқығы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Гулдана Амангелдіқызы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен әйел құқықтарын қамтамасыз етудің өркениетті қоғам құрудағы рөлі туралы айтты.
Семинарға қатысушы студенттер тақырыпқа қатысты өздерінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар олар гендерлік тендікті қамтамасыз етудің құқықтық мемлекет құрудағы маңыздылығын және әйел қауымына деген құрмет еліміздің болашағына деген жастардың сенімін арта түсетіндігін айтып, пікір білдірді.