«Дінтану және зайырлылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті

17 қараша, 2015

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану және зайырлылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Дәрісті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлары мен арнайы шақыртылған мамандар оқыды.

  • "Дінтану негіздері» пәнінің енгізілуі";
  • "Зайырлылық және зайырлы мемлекет";
  • "Әлемдік діндер. Буддизм";
  • "Қазақстандағы ислам мәдениеті";
  • "Қазақстандағы діндер";
  • "Әлемдік діндер. Ислам, Исламдағы секталар мен ағымдар";
  • "Жаңа діни ағымдар";
  • "Дінтануды мектепте оқытудың өзекті мәселелері";
  • "Діни экстремизмнің алдын алудың психологиялық ерекшеліктері" және т.б. тақырыптарда дәрістер оқылды.

Курс аяқталғаннан соң тыңдаушыларға анықтама құжат берілді. Анықтама құжатты курс кординаторы және Философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Бекжан Мейрбаев пен Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі С.Ө. Абжалов тапсырды.

ҚазҰУ Біліктілікті көтеру институтының базасында Дінтану және мәдениеттану кафедрасы тарапынан екі жылдан бері орта мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіліп келе жатыр.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы