«Жақсы денсаулық және әл-ауқат»

10 қазан, 2024

2024 жылдың 10 қазанында ТДМ (3) «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Дарханова С.Д. заң факультетінің 106 топ студенттерінің қатысуымен «Спорт және денсаулық күні” ұйымдастырылды. Іс-шара салауатты өмір салтының маңыздылығы мен аурулардың алдын алу туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталды.

Мақсаты - жастар арасында дене және психикалық денсаулыққа қамқорлық жасауды насихаттау, сондай-ақ өз игілігіне деген жауапкершілік көзқарасты қалыптастыру.

Дене белсенділігі – қысқа қашықтыққа жүгіру, командалық ойындар сияқты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл студенттерге уақыттарын белсенді өткізіп, денсаулықты сақтау үшін тұрақты физикалық белсенділіктің маңыздылығын талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шара студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етіп қана қоймай, физикалық және психикалық жағдайды тұрақты түрде күтудің маңыздылығын талқылауға қолайлы атмосфера қалыптастырды.

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы