ТДМ-4: «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті
17 қыркүйек, 2024
Университетіміздің Журналистика факультеті студенттері үшін 17 қыркүйек күні «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісте жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің таралуы жайлы студенттерге кең түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі Діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері, әлемде болып жатқан террористік әрекеттердің зардаптары туралы ой түю мен жастардың діни ой-санасының дұрыс қалыптасуы үшін маңызды ақпараттар айтылды.
Аталған дәріске қатысушы студенттер өздерін ойландырған сұрақтарды қойып, нақты жуап алды. Діни экстремизим мен терроризмнің алдын алуға байланысты өткен бұл дәріс студенттер үшін пайдалы әрі тың ақпараттарға толы болды.
Басқа жаңалықтар
31 қазан, 2024