ТДМ-4: «Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында семинар өтті

27 қыркүйек, 2024

Университетіміздің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 27 қыркүйек күні «Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында студенттер үшін сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет мүшелерімен арнайы семинар өтті. Семинар барысында студенттерге сыбайлас-жемқорлықты қалай байқауға болатыны және анықталған жағдайда қандай органдар мен қызметкерлерге жүгіну керектігі туралы тың ақпараттар айтылды.

Семинарда комплаенсты бақылау қызметінің басшысы Анар Айтпекқызы, заң магистрі Смағұлова Санрай және «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі Дəулетхан Нұржанұлы жастарға сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын түсіндірді. Бұл кездесу қазіргі күні «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық негіздері» атты курсты оқып жатқан білім алушылар үшін өте пайдалы ақпараттарға толы әрі өте қызықты өтті.