Қазақстан, Ресей мен Түркия ғалымдары Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеудегі мәселелерді талқылады

17 қараша, 2015

«Тарих толқынындағы халық» мемелекеттік бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерттеу мен теориялық-әдістемелік мәселелер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия және Әзірбайжаннан келген ғалымдар дәстүрлі өркениеттерді зерттеуді еуразиялық және орта-азиялық саяси, әлеуметтік-экономикалық және этномәдени даму контекстінде талдады.

Конференция көшпелі мемлекеттер мәселелері, Қазақ хандығының құрылуы, көшпелілердің қарапайым құқықтары, Орталық Азия көшпелілерінің орта ғасырлардағы этно территориясының қалыптасуы сияқты көшпелі өркениеттердің дамуындағы бірқатар өзекті мәселелерге арналды.

Жұмыстың басты бағыттарының бірі Орталық Азиядағы отырықшы және көшпелі өркениеттердің бір-біріне ықпалы мен өзара қарым-қатынасы мәселелері және Ресейдің орталықтандырылған тоталитарлық басқару жүйесі кезіндегі Орталық Азия көшпенділері парадигмасы.

Конференция шығармашылық пікірталас және сындарлы пікір алмасу жағдайында өтті.

Ұйымдастырушылар: Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеудің республикалық орталығы

ҚазҰУ, Баспасөз қызметі:

8 (727) 377 31 48/49