Факультет деканы тыңдаушылармен жиналыс өткізді

11 қазан, 2024

БІЛІМ ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы және декан орынбасарлары тыңдаушылармен оқу жылының алғашқы кездесу өткізді. Кездесу барысында факультет деканы тыңдаушыларға рухани тәрбие құндылықтары қаншалықты маңызды екенін және білім сапасының жоғары болуын  айтты. Одан өзге білім ордасындағы тәртіп ережелері мен жатақхананың ішкі тәртібін де айтып өтті. Тыңдаушылар арасында білімді әрі өнерлі талант иелерін, спортқа жақын тыңдаушыларды іріктелді. Қорыта келе, факультет басшылығы тыңдаушыларымызға оқу жылында толағай табыстар тілеп, білім озаты болуға үндеді.