ҚазҰУ жатақханалары жаңарып келеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттер үшін жатақханаларды жайлы орынға айналдыру және білім алушы жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді.
Биылғы жылы Студенттер үйлеріне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде 16 жатақхана бойынша 800 есік ауыстырылды.
Оның ішінде №17 жатақханада 279 есік жаңартылып, қалғаны қалпына келтірілді.
Бұған қосымша, 4000 матрас, 4000 жамылғы, 4000 жастық, 4000 жайма комплектісі жаңадан алынды.
250 унитаз, 150 раковина, 735 шкаф, 1065 тумба, 450 стол, 1050 кітап сөресі, 1065 орындық ауыстырылды.
Акт залдарына 210 м2 жалюзи орнатылып, 600 диван-кресло қапталды, 130 пуфик сатып алынды.
Жатақханалардағы 85 оқу залына 450 м2 «ролл штор» ілінді.
Ас бөлмелеріне 120 тоңазытқыш пен 120 электр плитасы пайдалануға берілді.
Бұған дейін 3 жатақханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, сантехника және электр желісі тартылып, душ кабиналары қойылды.
Жатақханалар 1970-1990 жылдары салынып, одан кейін күрделі жөндеуден өтпегендіктен, бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Алдағы уақытта да студенттердің сұраныстары ескеріліп, жатақханаларды басқа да тұрмыстық техникалар және төсек жабдықтарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі