ТДМ-4 "Қазақ радиосы - ұлттың үншежіресі" атты шеберлік сағаты өтті
3 қазан, 2024
«4 бағыт: Сапалы білім» бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық радио күніне орай филология ғылымдарының кандиты, доцент Жидегүл Әбдіжәділқызы "Қазақ радиосы - ұлттың үншежіресі" атты шеберлік сағатын өткізді. Дәріскер шеберлік сағатында студенттерді "Қазақ" радиосының тарихына шолу жасап, құнды деректермен таныстырды. Алтын қорда сақталған Бауыржан Мосышұлының дауысын және Күләш Бәйсетованың әнін тыңдатты. Радиожурналистикадағы заманауи жұмыс тәсілінің тынысын сезіну үшін эксперимент жасап, студенттердің қатысуымен тікелей эфирдегі жаңалықтар топтамасын ұсынды.
Филология ғылымдарының кандиты,
доцент Әбдіжәділқызы Жидегүл
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024